6 тамыз күні кітапханада Павлодар қ. Оңалту және бейімделу орталығының балаларына Абай күніне арналған «Абай рухани әлемі» атты әдеби сағат өткізілді. Кітапханашы жазушының өмірбаянын, шығармашылығын айтып берді. Балалар Абайдың өлеңдерін оқыды. Іс-шара соңында жазушының өмірі, шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Кітап көрмесі безендірілді, кітаптарға шолу жасалды.