25 шілде күні № 85 балабақшаның тәрбиеленушілері үшін «Бағдаршам қонақта» ойын бағдарламасы өткізілді. Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету, дұрыс көзқарас қалыптастыру. Іс-шара барысында балаларға көше мен жолдың заңы қатаң екенін, ережені сақтамаған жаяу жүргіншіні кешірмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ, балалар виртуалды көрмеде ұсынылған «Балаларға – қауіпсіз жол» суреттерді тамашалады. Бағдарламада: «Иә немесе Жоқ» сергіту сәті; «Жұмбақ әлемі» викторинасы; «Автомульти» онлайн-байқауы; «Зейінді жаяу жүргінші» блиц-сұхбаты; «Рұқсат етіледі – тыйым салынады» ойыны; «Жол белгілері» виртуалды викторинасы; «Сұрақтар әлемі» виртуалды тест; «Бұл мен, бұл мен!» ойыны; «Жол қозғалысы әліппесі» атты виртуалды кітап көрмесі-кеңес. Іс-шара соңында балалар «Дядя Стёпа – Бағдаршам» атты тәрбиелік мультфильмді көрді. Іс-шараны «Домовята» театр студиясының тәрбиеленушілері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, олар балалар үшін спорттық бимен жаттығу өткізді.