5 қыркүйек күні № 5 орта мектептің 4-сынып оқушылары үшін Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халық жанының кілті» ақпарат күні өткізілді. Оқушылар бұл мерекенің тарихы мен маңызымен танысып, көпұлтты Қазақстанның мәдени және тілдік байлығы туралы түсініктерін тереңдетті. Балалар әртүрлі тілдерде өлеңдер оқып, сұрақ-жауап пен танымдық ойындарға белсенді қатысып, мақал-мәтелдерді қызығушылықпен шешті және еліміздің тілдік әрі мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейтті. Іс-шара соңында кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасалды.