19 қыркүйек күні № 5 мектептің 5 «А» сынып оқушыларына «Қазақтың ұлттық ойындары» тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындарының шығу тарихымен, ойнау тәртібімен танысты. Шара барысында «Қазақтың ұлттық ойындары» бейнеролик көрсетіліп, «Білгенге маржан» мақал-мәтелдерді жалғастыру, «Қазақтың ұлттық ойындарын қаншалықты жақсы білеміз?» сұрақ-жауап ойындарына оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар, балалар «Бес табан», «Білектесу», «Тақия тастамақ», «Ханталапай» сияқты ұлттық қозғалмалы ойындарға қызығушылықпен қатысты.

