22 қазан күні №3 балалар кітапханасының қызметкерлері №42 М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының күніне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік кеш өткізді. Іс-шара барысында балаларға Республика күні туралы, еліміздің тарихы мен жетістіктері, мемлекеттік рәміздер жайлы кеңінен әңгімеленді. Қазақстан жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар викторина мен жұмбақтарға белсене қатысты. Балалар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

