2025 ж. 18 қарашада №9 балалар балабақшасының бүлдіршіндеріне «Көңілді витаминдер» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер барын және денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы айтып берді. Сонымен қатар, «Көңілді сұрақтар», «Жемістер мен көкөністерді ажырату», «Кім жылдам» ойындары өткізілді. Балалар барлық сұрақтарға жауап берді және ойындарға қызығушылықпен қатысты.