20 қараша — Дүниежүзілік балалар қорғау күні аталып өтеді. Осы күнге орай №1 Есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиелушілеріне «Адам құқығы бала құқығынан басталады» атты танымдық сағаты өтікізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балалардың құқықтары туралы хабардар етті. Бұл күн бүкіл әлемді бір мақсатпен біріктіреді – әр баланың қауіпсіз өмір сүруі, өз әлеуетін білуі және жүзеге асыруы үшін. Кітап көрмесі безендірілді және тақырыпқа сай кітаптарға шолу жасалды. Балалар кітап беттерінен өздеріне керекті ақпараттарды оқыды.