Балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына орай #2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жүрегімнің төріндесің, туған жер!» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шараға #25 жалпы орта білім беру мектебінің 1 «Ә» және 1 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, слайд-презентация ұсынып, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушының ертегілерімен таныстырып, «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқып берді. Балалар «Көктем келді гүл алып», «Туған өлкем» әндерін орындап, өлең, тақпақтарын оқып кештің әсерлі өтуіне үлес қосты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

