4-сынып оқушыларына «Жыл он екі ай оқы» жобасы, «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында Вильгельм Гриммнің 240 жылдығына орай «Ағайынды Гриммдердің ертегілер елі» атты ойын-викторинасы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Якоб Гримм мен Вильгельм Гриммның шығармашылығымен танысып, олардың халық ертегілерін сақтауға қосқан үлесі туралы білді. Балалар ертегілерге байланысты жұмбақтарды шешуге, «Кейіпкерді тап» викторинасына және «Ертегідегі сүйікті кейіпкерді суретте» атты шығармашылық тапсырмаға қатысты.Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылық көрсетті, ертегілерді жақсы білетіндерін дәлелдеді.

