10 наурыз күні №4 көпшілік кітапханасы №18 мектептің 5-сынып оқушыларына қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің Ақан сері – Ақтоты поэмасының 85 жылдығына орай ақпарат сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың әйгілі ақыны әрі әншісі Ақан сері Қорамсаұлы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Поэмадан үзінділер оқылып, кейіпкерлер бейнесі талқыланды. Сонымен қатар оқушыларға арналған викториналық сұрақтар қойылып, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларымен таныстыру, ұлттық өнер мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру

