«Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында №2 орта мектептің 4 сынып оқушыларына ақын, жазушы, аудармашы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиевтің 95-жылдығына орай «Балалықшақтың кемес» атты әдеби сағаты өткізілді. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, балаларға арналған тамаша шығармалар жазған, бала үшін туған талант еді. Өміршең, ойға қонымды, оқуға, жаттауға жеңіл шығармаларымен балалардың жүрегінен орын тапқан. Балалар ақынның «Ақ мамам», «Ақылшым – мұғалім», «Атай», «Біз өмірдің гүліміз», «Балдақты адам» т.б.өлендерін оқыды. «Не деу керек?», «Дұрыс па?» өлеңдерін, «Ақ мамам» әнін тыңдады. Балалар ақыны Ә. Дүйсенбиев туралы бейнефильм көрссетілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды.