Бейсембек Тілеуғазы. Ақылды піл
Бұл белгілі балалар ақыны, Халыкаралык «Алаш» сыйлығының лауреаты Тілеуғазы Бейсембектің проза жанрында жазған шығармалары. Туындыда автор аңдардың — піл мен қаскырлардың мінездері мен ойлау қабілеттері туралы баяндайды. Ақтөс деген сөйлейтін күшіктің бастан кешкендерін баяндай отырып, жас окырмандарын ұлтымыздың салт-дэстүрімен, ауыл жэне қала тұрмысымен таныстырады. Жинак сонысымен құнды да кызықты. Шығарманың тілі жатық, балалардың түсінігіне сай, жеңіл оқылады.

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай. Бала өмірінің хикаялары
Балалар! Қолдарындағы кітап танымал балалар жазушысының өздеріңе арнап жазған үженді-кішілі көркем шығармаларының басын біріктірген. Мұнда жаңа туындыларымен қатар, кезінде «Балдырған» журналының жабық бәйгесінде жүлделі болған «Ала торғай», «Ауру мен дәрігер», «Тақия төбе» т.б. әңгіме-ертегілері де беріліп отыр. Бұл жинақ өздеріңе ұнайды ғой деп сенеміз.

Курносова (Бевз) Светлана. Учим буквы
Сборник стихов для детей «Учим буквы» — посмертное издание автора. Стихи написаны в легкой игровой форме. Это позволит мотивировать детей к быстрому заучиванию строф. Рекомендована для воспитателей детских садов, родителей и детей.

Қазақстан халықтарының ертегілері
Қазақстан халқының ертегілері қазақ мәдениетінің бай мұрасы болып табылады. Бұл ертегілер халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мен дүниетанымын айқын көрсетеді.
Қазақ ертегілері көбінесе адамның табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасын, әділдік, батырлық және адамгершілік құндылықтарын суреттейді.

Қайым Қанат. Хиромантия
Кітапта жеткіншек ұрпақты ақылды, білімді, еңбекқор, әдепті, батыл да өнерлі, жігерлі әрі табанды, тапқыр әрі ізденгіш болуға шақыратын шығармалар топтастырылған. Алуан мінезді ұландардың сан қилы қам-қарекеттері шынайы суреттеле отырып, отансүйгіштікке, айнала табиғатқа жанашырлық, жан мен тән тазалығы, қайырымдылық сынды құндылықтарға айрықша көңіл бөлінеді.

Қойшыбаев Бейбіт. Ғажайып шақ
Бұл кітапта сендерге ұнайтын өте қызықты оқиғалар мен кейіпкерлер бар! Кітап оқығанда өзіңді орман ішінде, кең далада немесе әдемі көлдің жағасында жүргендей сезінесің. Мұнда достықтың, адалдықтың, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы керемет әңгімелер бар. Әр кейіпкердің басынан қызықты оқиғалар өтеді, ал сен оларды оқып, жаңа нәрселер үйренерсің. Кейде көңілді, кейде ойландыратын сәттері бар. Бірақ барлығы қызық!

Мусаев Уразбай. Сусыма. Ертегілер
Үлкен де, кіші де көп нәрсені өмірден үйренеді өйткені күнделікті тіршілікте ағаттықтар мен кемістіктер жеткілікті — ақ. Соларды талдап, жақсы мен жаманын ажырата білу әрбір пенденің басты борышы олай болмаған жагдайда қателіктен қателікке үрыну қиын емес. Бұл көк- сеген мақсатқа жетуге кедергі жасайды. Міне сондықтан саналы жандар жиі — жиі өзіне өзі іштей есеп беріп, кемшіліктерден қоры- тынды жасағаны, алдағы уақытта ондайды қай- талаудан аулақ болуға талпынғаны жөн. Солай еткенде ғана кісілік қасиет біртіндеп қалыптаса бастайды. Өнегелі, өнерлі, өрелі болып өскен бала ата — ананың қуанышына, мақтанышына айналады. Автор ертегілері де, осыны меңзейді.

Роулиң Жоан Кейтлин. Хәрри Поттер мен От сауыт
Чемпиондар осы оқу жылында үш тапсырма орындайды: оларды түрлі сынақ күтіп тұр… Сиқырды қалай меңгергені, батылдығы, тез шешім қабылдау қабілеті және… қауыпті жағдайдан шыға алуы сыналады.

Сахариев Ермек. Балдауренді бала шақ
Ақын Ермек Сахариевтің бұл жыр жинағына Отан, туған жер, қоғам, үлттық мүдде, халықтық салт-дәстүр, ата-ана және достық тақырыбындағы бас-аяғы жүп-жүмыр, ойлы да сырлы, назды да мүңды жырлары топтастырылған. Кітап мектеп оқушыларына, ата-аналарға, үстаздар мен тәрбиешілерге, балалар мен жасөспірімдер өдебиетін сүйетін барша жүртшылыққа арналған.

Твен Марк. Том Сойердің басынан кешкендері
Марк Твеннің 1876 жылы шыққан, азамат соғысына дейін Американың оңтүстігіндегі шағын қалада өмір сүрген балалардың қызықты оқиғалары туралы романы.
Том Сойер — өте ширақ, тапқыр және ұшқалақ он екі жасар жетім бала. Романда ол ғашық болады, кісі өліміне куә болады, қылмыскерді әшкерелейді, үйден қашып, аралда тұрады, үңгірде адасып, одан дін аман шығады, ақыры, қазынаға кез болады.

Алиса ғажайыптар елінде. Ертегілер елінде
Кішкентай Алиса – өте көңілді, әр нәрсеге әуестенгіш, кез келген ғажайыпқа сенуге дайын тұратын кішкентай қыз.

Аулдық тышқан мен қалалық тышқан. Ертегілер елінде
Ерте, ерте, ертеде бір қала тышқаны өмір сүріпті. Күндері қызыққа толы болыпты. Қаланың өмірі бітпейтін қарбалас тіршілігінен әбден мезі болған ол бірде саяхатқа шығуды жөн көріпті.

Қырық өтірік. Ертегі
Ертегінің негізгі сюжеті тазша баланың немесе тапқыр жігіттің қырық ауыз өтірікті табанда құрастырып, ханның қызына үйленуі туралы оқиғаға құрылған. Ертегінің әңгіме түрінде және өлеңмен жазылған нұсқалары бар.

Қыстаубаев Захардин. Тойқұмар тасбақа
Жан-жануарлар мен аң-кұстардың тіршілігі адамдардың өміріне ұқсас болып келеді. Жабайы аңдар қыстан аман шығу үшін жаз бойы дайындық жүргізеді. Құстардың көбі жылы жаққа ұшып кетеді. Аң-күстар да бірлесе әрекет етеді. Бір-біріне сый-күрмет көрсетеді. Өздеріңе ұсынылған ертегіде осы жайларды ормандағы оқиға арқылы баяндап өттік. Көре білсек, табиғаттан үйренетініміз, алатын үлгіміз аз емес екен.