6 қараша күні кітапханамызда қазақ жазушысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Алаш қайраткері – Міржақып Дулатов» атты әдеби сағат өткізілді. Шараның мақсаты – Алаш қайраткерлерінің мұрасын ұлықтау, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандарға көрнекті ағартушы, жазушы, публицист, ұлт азаттық қозғалысының жетекшісі, Алаш арысы Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Оның халқына сіңірген еңбегі, ұлттық сана мен рухты оятудағы рөлі, әдеби мұрасы жайлы тың ақпараттар айтылып, оқырмандар белсенділік танытты.

