4 желтоқсанда №4 көпшілік кітапханасы №18 мектептің 1 «В» сынып оқушылары үшін Халықаралық мүгедектер күніне арналған « Алтын мейірілімдік күні» атты мейірімділік сабағын өткізді. Іс-шара барысында балалар Халықаралық мүгедектер күнінің маңызы туралы білді, мүмкіндігі шектеулі адамдардың ерекшеліктерімен танысты, әр адамға құрметпен, қолдаумен және ізгі ниетпен қараудың маңыздылығын талқылады. Оқушылар эмпатия, белсенділік және достық танытып, сабақ «Тас, ағаш, бұлақ» атты қозғалмалы ойынмен жалғасты, онда балалар қуана қатысты. Сабақтың ерекше бөлігі «Мейірімділік гүлі» атты шығармашылық жұмыс болды: әрбір оқушы жасай алатын бір игі ісін суретке салды. Іс-шара соңында «Алтын мейірілімдік күні» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

