2026ж. 21 қаңтарда №36 ЖОББМ-нің 5 сынып оқушыларымен ақын Қасым Аманжоловтың 115 жыл толуына орай «Қазақ жырының қыраны» әдеби сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру болды. Кітапханашы ақынның қысқаша өмірбаянын айтып берді. Балалар Қасым Аманжоловтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушылар арасында түрлі ойындар ұйымдастырылды: «Қасым Аманжолов» сөзінің әрбір әрпіне ақын туралы мағыналы сөздер жазды, «сұрақ-жауап» арқылы ақын туралы білімдері тексерілді. Сонымен қатар, кітап көрмесі безендіріліп, ақынның еңбектері таныстырылды. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы туралы қосымша мәліметтер алды. Қасым Аманжоловтың шығармалары арқылы отансүйгіштікке тәрбиеленді. Оқушылар іс-шарадан жақсы әсер алып, белсенді қатысты.