2025 жылғы 16 қазанда М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ оқушыларға арналған қазақтың көрнекті ақыны, әнші, термеші, актер, композитор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дала музыканты» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін насихаттау. Іс-шара аясында «Дархан даланың жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Иса Байзақовтың шығармалары, ол туралы жазылған кітаптар мен сирек кездесетін материалдар қойылды. Сонымен қатар, әдеби сағат өткізіліп, кітапханашылар ақынның шығармашылық жолы туралы баяндап, поэмаларынан және өлеңдерінен үзінділер оқыды. Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

