2025 ж. 29 қыркүйек күні №9 балалар балабақшасының «А» даярлық тобының бүлдіршіндеріне «Денсаулық әліппесі» атты танымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның басында кітапханашы балаларға дендері сау болу үшін, жеке бас тазалығын сақтау, денені шынықтыру, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау керектігін айтты. Одан кейін сұрақ-жауап өткізілді, жұмбақтар шешілді. Балаларды екі топқа бөліп, «Кім тез?», «Алма жинау», «Кім алғыр?» ойындары өткізілді. Барлық ойындарға белсенді қатысты. Іс-шарының соңында балалар бір-бірлеріне тілек айтты.