11 қараша Жетекші ауылының көпшілік кітапханасында қазақ эстрадасының әйгілі өкілі, композитор, Қазақстанның халық артисі Ескендір Хасанғалиевке арналған «Енді мен ұзақ өмірсүруге міндеттімін» жедел ақпарат өтті. Іс-шара барысында оқушылар ұлы өнер иесінің өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның жүрекке жылы әсер қалдыратын әндерін тыңдады. Кітапхана қорынан Е. Хасанғалиевтің өмірі мен өнер жолына арналған кітаптар мен мақалалар көрмеге қойылды. Осындай шаралар арқылы біз елге рух берген тұлғаларды еске алып, ұлт руханиятын дәріптейміз.

