20 қарашада №43 орта мектептің 4 сынып оқушылары үшін «Этикетпен бірге» танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашылар балаларға «этикет» — бұл қоғамдағы адамдардың тәртіп белгіленген ережелері екенін айтты. Балалар қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігі туралы білімдерін көрсетті. «Шатасу», «Дастарханды даярлау» тағы басқа конкурстарға, сахналауға белсенді қатысып, мақал-мәтелдер құрастырып, «сыпайы» жұмбақтар шешіп, түрлі жағдайларды талдап, тақпақтар оқыды. Балалардың назарына кітап көрмесі мен «Этикет»видеоролигі ұсынылды.

