Жыл сайын 12 сәуірде бүкіл әлем Космонавтика күнін атап өтеді. Осыған орай №14 орта мектептің 4-сынып оқушылары арасында «Ғарыш әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара өткізілді. Балалар ғарыш және ғарышкерлер туралы қызықты әңгіме тыңдады. Күн жүйесі туралы жарқын суреттелген кітап көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Олар ғарышты игеру туралы көптеген фактілерді білді. Балаларға ғарыш және ғарышкерлер туралы мәліметтер ғана емес, жұмбақтар, ребустар, викториналық сұрақтар да ұсынылды. Жас оқырмандар «Космическая азбука» викторинасына қатысып, ғалам туралы білімдерін бекітіп, жұмбақтар шешіп, тақпақ тыңдады. Іс-шара тақырыптық ойындармен сүйемелденді.