2025 жылдың 23 қыркүйегінде №4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен №18 жалпы білім беру мектебінің 5 «А» сынып оқушыларына арналған «Кітаппен тілдесу ережелері» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара кітаптың пайда болу тарихына арналған бейнероликпен басталды. Одан кейін оқушыларға «Кітапты аялайық» атты шағын қойылым ұсынылып, кітапқа ұқыпты қарау жайлы ой қозғалды. Шара барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, кітапқа байланысты білімдерін көрсетті. Іс-шараны қорытындылау мақсатында кітап туралы қызықты мәліметтер жазылған арнайы дайындалған буклеттер таратылды. Соңында оқушылар назарына кітап көрмесіне шолу ұсынылып, ерекше әсер қалдырды.