20 қараша күні Павлодар ауылының № 40 5 сынып оқушыларына «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тәрбие сағаты өткізілді. Өнер дегеніміз – адам бойындағы атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған ерекше қасиет. Ол ән айту, күй тарту, сурет салу, сондай-ақ қолөнер түрлері: тоқыма тоқу, құрақ құрау, ағаш пен темірден бұйым жасау, ою-өрнек өрнектеу, тігін тігу сияқты сан алуан шығармашылық әрекеттер арқылы көрініс табады. Іс-шара қазақ өнеріне арналды және ол халықтың дүниетанымын, рухани байлығын, өмір салтын, әдет-ғұрпы мен тарихын бейнелейтін асыл мұра ретінде таныстырылды. «Қазақша ою өрнектер», «Өнердің көне ескерткіштері», «Қазақтың зергерлік өнері туралы не білеміз?» бейнебаяндар көрсетілімінің барысында оқушылар петроглифтермен, ою-өрнек түрлерімен және олардың мағынасы («қошқар мүйіз», «құс қанаты», «түйе табан»), аң стилімен, зергерлік бұйымдар және дәстүрлі өнердің басқа түрлерімен танысты. Сонымен қатар ән- күй өнері туралы ақпарат беріліп, балалар осы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара қызықты және танымды болды, оқушылар белсенділік танытып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.