13 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай №4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен №18 ЖОББМ-нің 5 -сынып оқушыларына «Ұлттық валюта – төл теңге» атты тарих сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларды Қазақстан ұлттық валютасының шығу тарихы мен маңызы туралы қызықты мәлімет берді. Іс-шара соңында оқушылармен «Білгір болсаң – жауап бер!» атты викторинасы өткізілді және кітап көрмесіне шолу жасалды.