26 қараша күні №5 жалпы орта мектептің 2 «А» сынып оқушылары үшін Қазақстандағы Еңбек күніне орай және балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру мақсатында «Мамандықтар әліппесі» танымдық сағаты өткізілді. Әңгімелесу барысында оқушылар Қазақстанда Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетінін, оның әр адам үшін еңбектің маңыздылығын атап көрсетуге арналғанын білді. Балалар барлық мамандықтың маңызды екенін түсінді. Шара барысында Қазақстанның дамуына дәрігерлер, фермерлер, ғалымдар, жүргізушілер, кеншілер, инженерлер және Отан игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген тәрбиешілердің қосып жатқан үлесі туралы да айтылды.
Іс-шара бағдарламасы төмендегідей болды: «Мамандық деген не?» тақырыбында әңгіме; «Қазақстандағы Еңбек күні» фоторепортажы; «Мақалды жалғастыр», «Сөзді жалғастыр» ойындары; «Құралды жинап, атаңыз» тапсырмасы; «Біз сүйікті кітаптарымызды оқу арқылы таңдаймыз» атты кітап көрмесімен танысу; «Мамандықты тап» викторинасы; Джанни Родаридың «Қолөнердің иісі қандай?» өлеңін оқу; «Барлық мамандықтар маңызды», «Анам шаршады», «Солай болады» мультфильмдерін тамашалау.

