2026 ж. 9 ақпанда № 1 Есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін «Оқу» дегенім не?» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, оқырмандық мәдениетті дамыту, балалардың дүниетанымын кеңейту және кітаптың білім берудегі маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге оқу дегеніміз – мәтінді қабылдау және түсіну үдерісін, оның жаңа білім алуға, ойлау қабілетін, қиялды және тіл дамуын жетілдіруге көмектесетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, ақпаратты жеткізудің қолжетімді тәсілдері қолданылды. Балалар талқылауға белсенді қатысып, ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты.
Кітапханалық сабақ танымдық әрі жағымды атмосферада өтті.