11 наурыз күні № 5 орта мектебінің 4 сынып оқушылары үшін «Оле-Лукойе оқиғалары» әдеби оқу сабағы өткізілді. Балалар Г. Х. Андерсеннің өмірбаянынан қызықты деректермен танысып, оның ертегі кейіпкерлерін қалай ойлап тапқанын білді. Балалар «Андерсен ертегілері» викторинасының сұрақтарына жауап беріп, «Ертегі кейіпкерін ата» әдеби ойын ойнады. Шара соңында балалар Андерсеннің «Дюймовочка» атты мультфильмін тамашалап, бұл ғажайып ертегішінің шығармаларынан үзінділер оқыды.