12 қыркүйек күні №5 орта мектептің 4-сынып оқушыларына отбасы күніне орай «Отбасы және отбасылық құндылықтар» ойын бағдарламасы өткізілді. Іс шара барысында оқушылар Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде жыл сайын Отбасы күні аталып өтетінін білді. Әңгіме барысында балалар отбасының әр адам өміріндегі маңыздылығы туралы, мейірімді әрі берік отбасының – бақытты өмірдің негізі екендігі жайында ой бөлісті. Балалар ең үлкен байлық – ол туған-туыс пен жақын адамдар екеніне көз жеткізді. Одан кейін оқушылар екі топқа бөлініп, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты: «Отбасы туралы мақал-мәтелдер», «Отбасылық жұмбақтар» ойындары, «Бақытты отбасы» тақырыбында сурет салу ойыны; «Кім жүйрік!»; «Кім епті!», логикалық тапсырмасы; «Отбасы» сөзжұмбақ; Іс-шара соңында оқушыларға «Менің отбасым» және «Менің отбасым — менің мақтанышым!» бейнероликтер көрсетілді.