10 маусым күні №18 орта мектебінің спорттық алаңында №4 көпшілік кітапханасы «Жалын» атындағы мектеп жанындағы лагерьнің балаларына «Қауіпті табиғат құбылыстары: өзін қалай ұстау керек?» атты тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақ барысында балаларға қауіпті табиғат құбылыстары: жер сілкінісі, дауыл, құйын, нөсер жаңбыр, су тасқыны, найзағай, орман өрті туралы толық ақпарат беріп өтті.Кітапханашы әрбір құбылыстың себеп-салдарын туралы нақты мысалдар келтірді. Балаларға ойын мен «Не істеу керек?» атты викторина жүргізді.Балалар табиғат құбылыстарының түрлерін ажырата алды. Олар қауіп төндіретін жағдайдағы әрекеттер алгоритмін меңгерді. Қауіпсіздік сабағында балалар білімдерін кеңейтіп, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін үйренді.