11 тамыз күні №126 бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері үшін «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық сайыс мерекесі өтті. №2 және №3 балалар кітапханасының қызметкерлері түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, спорт тақырыбында жұмбақтар жасырды. Іс-шара соңында шағын дискотека өтті.