Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші. Ж. Тәшенов атындағы ЖОББМ 3 «Г» сыныбында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Табиғаттың үні – ақынның тілі» атты поэзия кеші өтті. Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, табиғат тақырыбына арналған өлеңдері оқылды. Әр мезгілдің сұлулығын бейнелейтін Абай жырлары оқушылардың жүрегінен орын тауып, оларға терең әсер қалдырды. Оқушылар ақын өлеңдері арқылы табиғаттың әсемдігін танып, оны қорғау мен аялаудың маңызын түсінді. Бұл кеш жас ұрпақты әдебиетті сүйюге, табиғатқа құрметпен қарауға, Абай даналығынан тағылым алуға тәрбиеледі.