2025 жылы 17 қарашада №36 ЖОББМ-нің оқушыларына «Тарихи мұра — бай қазына» атты этникалық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы тарихи-мәдени мұраға ескерткіштер, археологиялық жәдігерлер, өнер туындылары, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жататынын атап өтті. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау, жаңғырту және кеңінен насихаттау — басты міндеттердің бірі екенін айтты. Кітап көрмесі безендірілді.