11 маусым күні №2 Балалар кітапханасында А. Чехов атындағы облыстық драма театрының құрылғанына 80 жыл (1945) және Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының құрылғанына 35 жыл (1990) толуына орай «Театр, театр, театр!» атты ақпарат сағаты өтті. Шарада балаларға қаламыздағы театрлар туралы ақпарат беріліп, фотосуреттер көрсетілді. Энциклопедиялық анықтамалардан театрға байланысты ақпараттар таныстырылды.