№43 мектептің 6 сынып оқушылары үшін «Темекі — балалар үшін қауіпті» атты әңгіме өткізілді. Балалар темекінің пайда болу тарихымен, темекі шегудің зияны туралы іріктеп алынған фактілермен танысты. Әңгіме барысында: Адамдар неге темекі шегеді? Темекіні қалай тастауға болады? Темекі шегуге байланысты қандай аурулар бар? сияқты сұрақтар талқыланды. Оқушылар темекі шегудің қорқынышты салдары туралы және темекі шегетін адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да зиян тигізетіні туралы білді, темекінің адам ағзасына зиянды әсері туралы әдебиеттерді қарастырды.

