5 қыркүйек күні №4 көпшілік кітапханасы № 54 балабақшасы қызметкерлерімен бірлесе мектеп алды «А» «Қарлығаш» және «Ә» «Көбелек» тобы балаларымен Тілдер күніне арналған «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты ақпарат күнін өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар мен тәрбиешілер балаларға әртүрлі ұлт өкілдерінің тілі, ұлттық киімдері мен тағамдары жайлы әңгімелеп, қазақ тілінің қадір-қасиеті мен мемлекет үшін маңызын түсіндірді. Балалар тіл туралы тақпақтар айтып, «Отан», «Туған тіл», «Ана тілі» тақырыптарында әндер шырқады. Сонымен қатар, «Тіл туралы не білеміз?» атты сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, балалардың белсенділігі байқалды.

