«Жалынға оранған жастық шақ» атты реквием кеші №25 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «А» сынып оқушыларымен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қайғылы тарихи оқиға туралы мәлімет беріп, бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық кітап көрмесі таныстырылып, көркем әдебиеттермен танысуға мүмкіндік жасалды. Мақсаты – өскелең ұрпаққа тарихымыздың маңызды сәттерін ұмытпай, отансүйгіштік пен елге құрмет сезімін қалыптастыру.