2025 жылы 9 қазанда № 14 ЖОББМ-нің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Жануарлар әлеміне саяхат» атты талқылау сағаты өткізілді. Балалармен бірге жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін, жануарлар дүниесін қорғау және қызыл кітапқа енген жануарларды талқыладық. Балалар кітап беттерінен түрлі жануарлар туралы оқып, өздерінің білімдерін арттырды.


