11 маусым күні № 3 балалар кітапханасында № 21 ЖОББ мектеп жанындағы лагерь балаларына «Жазғы фишка — достарыңмен кітап оқы» ойын-саяхаты өткізілді. Жаз — керемет уақыт, бұл күлімсіреу және жай ғана жақсы көңіл-күй. Жаз — бұл кітап оқу уақыты. Достарынның ортасында қызықты және көзге көріну үшін сіздің өзіңіздің «фишкаңыз» болуы керек. Ал осы жазда сәнді фишка — кітап оқу! Балаларға көңілді ойын бағдарламасы ұсынылды. «Ертегі кейіпкерлерін тап», «Қандай ертегі кейіпкерінің заты?» ойындарына қызығушылықпен қатысты.Балалар жұмбақтар шешіп, интеллектуалдық ойындар ойнады. Шара соңында «Мақта қыз» мультфильмін тамашалады.