19 маусымда №4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас полицей» және «Жас дәрігер» мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Жоғары, жылдам, күшті!» атты тақырыпта спорттық ойындар өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды дамытуға, балалардың достық сезімін тәрбиелеуге және балалардың шығармашылық ойлауын ынталандыруға бағытталған. Балалар «Бұзық саусақтар», «Жіңішке қайың», «Орындықтар», «Мысық-тышқандар», «Үйге орал» және «Сүйікті түс» байқаулары мен ойындарына қуана қатысты. Барлық қатысушылар оң энергия мен жақсы көңіл-күйге ие болды. Кітапханашы балаларға әр адамның өз денсаулығын сақтаушы екенін еске салып, және жас кезінен бастап жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында ең белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.