№29 орта мектебінің 3 «А» сынып оқушылары үшін М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби сағат өткізді. Бұл шара біздің жерлесіміз, балалар ақыны, журналист Есентай Ерботиннің 85 жылдығына арналды. Кітапханашы балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді, ал оқушылар оның танымал өлеңдерін оқыды. Шара барысында «Жұмбақ шешу», «Қателеспей айт!», «Анаграмма», «Суретті кроссворд», «Әріптер», «Артық сөзді тап» қызықты ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесіне шолу жасалды.