4 наурыз күні № 29 мектептің 4 «а» сынып оқушыларына «Кешкі кітапхана» жобасы аясында және «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде «Өз дәуірінің екі дауысы» әдеби портреті өткізілді. 2025 жылы «Бір ел — бір кітап» републикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылданды. Проза жанры бойынша көпшілік дауыспен ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылды. Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға жазушылардың өмірі мен қызметі, шығармаларының ерекшелігі мен әдебиетке қосқан үлесі жайлы айтып берді. Балалар ақынның өлеңдерін оқып, әртүрлі сұрақ-жауап ойындарына белсене қатысты. Шараға «Өз дәуірінің екі дауысы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалынды.