2025 жылы 22 желтоқсанда №36 ЖОББМ-нің оқушыларына «Сиқыршы қыс келді» қысқы ертегілерге шолу өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға қандай қысқы ертегілер бар екенін және олардың қысқаша мазмұнын айтып берді. «Сұрақ-жауап», «Ертегінің атын тап» және т.б. ойындар өткізілді. Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атады. Содан кейін, кітапханашы ертегілерден үзінді оқыды, балалар оңайлықпен шешімдерін тапты. Іс-шара соңында балаларға белсенді қатысқандары үшін грамота берілді.