13 қаңтар күні Кенжекол а. көпшілік кітапханасында әдебиетші, музыка зерттеушісі, аудармашы Наум Георгий Шафердің 95 жылдығына арналған «Музыка мен әдебиетті тоғыстырған тұлға» атты әдеби-әуенді кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға Қазақстан мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, әдебиет пен музыкаға деген қызығушылықты арттыру, мәдени мұраны дәріптеу.
Кеш барысында Наум Шафердің өмір жолы, әдеби-аудармашылық және музыка саласындағы еңбектері жайлы мәліметтер ұсынылды.