Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында №43 мектептің 5-сынып оқушыларына «Кітаппен бірге денсаулыққа» атты ақпараттық күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар денсаулықты сақтаудың маңыздылығын талқылап, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру мен спорттың пайдасы, зиянды әдеттерден бас тарту қажеттілігі туралы ұсыныстармен танысты. Сондай-ақ балалар салауатты өмір салтының түрлі қырлары қамтылған кітап көрмесімен танысты.