№34 мектептің 4-сынып оқушыларына Халықаралық балалар кітабы күні мен Халықаралық құстар күніне арналған «Ғажайып құстар» атты әдеби-ойын бағдарламасы өткізілді. Оқушылар құстар туралы қызықты мәліметтермен танысып, жұмбақтар шешіп, «Құсты таны», «Құстардың дауысы» ойындарына қатысты, сондай-ақ викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында құстар туралы шығармаларды еске түсіріп, кітап көрмесіндегі басылымдармен танысты.

