2026 ж. 6 сәуірде №1 балабақшасының бүлдіршіндеріне Халықаралық құстар күніне арналған «Құстардың таңғажайып әлемі» атты білім сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға құстар туралы қызықты мәлімет беру және табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. Білім сағаты барысында балалар құстардың түрлерімен танысты. Кітапханашы құстардың тіршілігі мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Балалар құстардың қалай ұшатыны және немен қоректенетіні туралы білді. Құстардың пайдасы мен табиғаттағы рөлі түсіндірілді. Іс-шара кезінде түрлі-түсті кітаптар мен суреттер көрсетілді. Балалар кітаптарды қызығушылықпен қарап, өз ойларымен бөлісті. Құстар туралы жұмбақтар жасырып, ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.