16 маусым күні Макпалиев атындағы жалпы орта мектептің оқушылары үшін Әкелер күніне арналған «Ең епті әрі батыл» спорттық ойыны өткізілді. Іс-шара барысында түрлі жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің ептілігін, батылдығын, жылдамдығын, төзімділігін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

