Кітапхана оқырмандарына арналған «Үстел ойындарының әлемі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқуға деген қызығушылықты арттыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту және зияткерлік демалысты насихаттау. Қатысушылар түрлі үстел ойындарымен танысып, олардың ережелерін үйреніп, достық атмосферада ойындарға белсене қатысты.

