№43 мектеп жанындағы жазғы лагердің балаларына орыс жазушысы әрі суретші-анималист Евгений Чарушиннің шығармашылығына арналған «Чарушин әлемі» атты талқылау сағаты өткізілді. Балалар жазушының жануарлар туралы шығармаларымен танысып, «Томка», «Бөлтірік», «Қонжық» әңгімелерін тыңдады. Оқудан кейін кітап кейіпкерлерін талқылап, табиғатқа қамқорлықпен қарау туралы әңгімелесті. Іс-шара танымдық сипатта өтіп, балалардың кітап оқуға және жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттырды.