16 шілде күні «Заң және тәртіп» жобасы аясында №85 балабақша тәрбиеленушілеріне «Өрт қауіпсіздігі: біл және сақта!» ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында балалар өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, «Жас өрт сөндірушілер» ойынына қатысып, «Өрт қауіпсіздігін білгірлері» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, балаларға «Өрт қауіпсіздігі әліппесі» бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында «Үкі әжейдің сабақтары. Өрт қауіпсіздігі» мультфильмі көрсетілді.