10 қыркүйек күні № 5 мектептің 4-сынып оқушыларына «Тәрбие отбасынан басталады» ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға отбасының маңызы, отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік туралы түсінік берілді. Оқушылар «Кім екенін тап», «Мақалды жалғастыр», «Отбасымды таныстырамын» ойындарына белсенді қатысып, отбасы құндылықтары туралы өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында оқушылармен бірге «Менің отбасым» әні орындалды.